Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарды тазалау, күтіп ұстау, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ал, тұрғындар тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметіне төлеуге міндеттелген. Алайда, тазалық шараларына жұмылдырылған компанияларға кей тұрғындардың абоненттік төлемдер жасауға келгенде жалтаратыны байқалады. Жылдар бойына қордаланған қарыз тазалық шараларын тиісті ережелерге сай атқаруда кедергісін келтіруде. Статистикалық мәліметтер қала аумағындағы […]