Шымкентте әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған іс-шаралар өтті. Астанадан келген делегация әскерге шақырылуға дейінгі жастармен кездесіп, әскери қызметке шақыру тәртібі, әскери оқу орындарына түсу шарттары, міндетті әскери борышын өтегеннен кейін сарбаздар алатын жеңілдіктер туралы айтып берді. Патриоттық акция аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс, әскери білім және ғылым департаменттерінің […]