Үш жылдан кейін қайта ашылған Қорғас арқылы 1 айда шекарадан 360 мыңнан астам адам өтті. Бұл туралы Қытайдың Алматыдағы Бас консулы журналистермен өткен кездесуінде мәлім етті. «Қорғас» халықаралық орталығы арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс дамып жатыр. Алдағы уақытта келушілер саны бұдан да көп болатыны хақ. Қазірдің өзінде күніне 12 мыңға жуық адам келіп жүр. […]