Жетісайлық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті әйел күндізгі уақытта көршісінің үйіне қарызға ақша сұрауға барған. Алайда есігі құлыптанбаған үй иесінің жоқтығын байқап, жатын бөлмесіндегі шкаф сөресінде тұрған бірнеше алтын бұйымдарын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге 2,5 миллион теңге жуық шығын келтірген. Содан соң ұрланған алтындарды өз қажеттілігіне жұмсаған. […]