Шымкентте қараша халық Наурыз мерекесін Қажымұқан стадионы маңына тойлауға жиналған. Мұнда ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары дәріптелді. Мерекенің көркін оюлы шашбау, қос етек көйлек киген арулар қыздырды. Олар стадионға жиналған қала тұрғындарына әсем ән мен мың бұралған биін тарту етті. Әрине, дәстүрлі мейрамды Наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Тұран ауданының мерекелік […]