Сайрам АПБ-ға киім-кешек сатумен айналысатын кәсіпкер ер адам арызданды. Жәбірленуші өз арызында, оның «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы бойында орналасқан киім-кешек сақтауға арналған қоймасынан тауарлары белгісіз жағдайда азайып, ұрланып жүргенін байқағанын жеткізді. Ер адамға келтірілген шығын көлемі шамамен 10 миллион теңгені құраған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. […]