Шымкентте тиісті маман сертификаты мен лицензиясы болмай, пластикалық хирургия саласында медициналық қызмет көрсеткен дәрігер бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Прокуратураның мәліметінше, айыпталушы жәбірленушіге блефаропластика отасын жасаған. Алайда операциядан кейін науқастың денсаулығына ауыр зиян келіп, бір көзі көрмей қалған. Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметке қатысты […]