Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласында орналасқан контрофактілі өнімді дайындау бойынша жасырын цехтың қызметіне тосқауыл қойды. Кентау қаласының 2 тұрғыны кір жуғыш ұнтақтың белгілі жазулары бар брендтерінің полиэтилен пакеттерін алып, оған қолдан жасалған сапасыз ұнтақтарды салған. Олар бұл әрекеттерін Шымкент қаласындағы үйді жалға алып, сонда жасаған. […]