Қазақстанда адам өзінің ресми кірісін растамаған жағдайда несие беруді шектейтін заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Орталық банктің төрағасы Тимур Сүлейменовтің депутаттық сауалға берген жауабында көрсетілген. «Қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының төлем қабілеттілігін және оның кірісін бағалаудың қолданыстағы тәртібі қайта қарауды талап етеді, өйткені қазіргі анықтамада қарыз алушының кірісі тек ресми расталған кірістермен […]