Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов төлем қабілеті жоқ қазақстандықтарға кредит алуға тыйым салуды ұсынды. Ол кредит беруге талаптарды заңнамалық деңгейде қатаңдату қажет деп есептейді. «Төлеуге шамасы келмейтін азаматтарға кредит беруге тыйым салу керек. Онлайн несиелеуді қатаң реттеген жөн. Кредит берудің шарттарын қайта қарастыру керек. Жеке тұлғаларға берілетін несиелердің шекті сыйақы ставкасын төмендету маңызды», – деді Қошанов […]