Шымкент қаласы Абай аудандық сотында осы жылдың көктем мезгілінде болған жол-көлік оқиғасы бойынша тыңдалым өтіп жатыр. Түнгі уақытта микроавтобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жеті адам отырған көлікті қағып кеткен еді. Оқиға орнында үш адам көз жұмды. Оның біреуі апатқа кінәлі автокөлік жолаушысы болса, қалғандары екінші көліктегі жандар. Бейнежазбада жүргізуші тыйым салынған бағдаршам белгісінен өтіп, […]