Әлемде ғылым мен технология дамыған сайын, кітапқұмарлар саны азайып келеді. Бүгінгі жас жас буын кітапты гаджеттер мен соңғы үлгідегі түрлі техникаларға алмастырғандай. Содан болса керек, аға буын «бүгіннің жастары руханияттан алыстап» барады дегенді жиі айтады. Жуырда құрбым екеуміз саябақта серуендеп жүріп, керемет көріністің куәсі болдық. Мұндай көрініске көз тоймай, тіпті сол орыннан алыстағымыз келмеді. […]