Қазақстан темір жолы басшылығы бизнеске кедергі жасап келген. Аталған факті бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп тергеу-тексеру шаралары жүріп жатыр. Алдын ала мәліметке сай, келген шығын көлемі 1,5 млрд теңгеден асады.