Мұнай өңдеу зауыттарынан жүк тасымалдау бойынша барлық сұраныс 100% қамтамасыз етіліп жатыр, тиеу станцияларына жақын аумақтардағы цистерналарда үш тәулікке жететін қор бар, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. «Қазан айында 122,6 мың тонна сұйытылған табиғи газ және 616,8 мың тонна бензин мен дизель отыны тиеліп, жоспар 100 пайызға орындалды», – делінген хабарламада. […]