ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің рухани астанасы Түркістан облысына барып, күнгей өңір халқымен кездесті. Кездесу барысында жұмыс сапарының негізгі мақсаты облыстағы ахуалмен танысу екенін айтты. Әрі өз сөзінде соңғы жылдары Түркістанда қандай өзгерістер орын алғанын тілге тиек етті. Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: «Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. […]