Арыс ауданының полицейлері қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде, «Арыс-Шымкент» тас жолында күдік тудырған «Опель Астра» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйінде және құжатсыз көлік басқарғанын анықтады. Сондай-ақ арыстық жүргізуші бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жауапқа тартылғаны анықталды. Яғни 2021 жылдың көктемінде ішімдік ішіп, заң бұзған жүргізушіні […]