Ішкі істер министрлігі республика аумағында 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті. Олар “Kyzdar.Net” интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 млн теңгеге дейін пайда түсіріп отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 млрд теңгені құрайды (орташа алғанда жылына 2 млрд теңгеден асады). […]