Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдап келеді. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басшылық ету және қатысу фактілері бойынша биыл 36 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде үшеуі трансұлттық топтар бойынша. Оларды қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері тергеліп жатыр. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 150-ден астам криминалитет өкілдері жауапқа тартылды. […]