Петропавлда құрдастарын балтамен жарақаттаған 9-сынып оқушысы екі айға қамауға алынды. Еске салсақ, 13 ақпан күні таңертең Петропавл қаласындағы 4-орта мектепте төтенше жағдай болды. 9-сынып оқушысы мектепке балта алып келіп, құрдастарын жарақаттаған. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың заңды өкілі анасы болып анықталды. Құрдастарын балтамен […]