Сарыағаш ауданында құрдасын аяусыз соққыға жыққан балаға қатысты шешім қабылданды. Күдікті 1 жасөспірім Абай облысында орналасқан ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына жіберілмек. Бұл туралы аудандық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында талқыланды. Ал екінші баланың ата-анасына шара көріліп, іс сотқа жіберілген. «Естеріңізге сала кетейік, полиция Сарыағаш ауданындағы құрдастары тарапынан кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық әрекеттер […]