Елімізде курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылмақ. Бұл туралы шипажайларды дамыту мәселелерін талқылауға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Мамандар курорттық және медициналық оңалту турасындағы мәселелердің оңтайлы шешілуінде жұмыс жүйелі әрі ортақ болуы керегін айтты. Қазір елімізде ересектер мен балаларға арналған 170-тей шипажай бар. Олардың жартысынан көбінде қызметі жоғары деңгейде болса, қалғандарында материалдық-техникалық база мардымсыз. […]