Қазақстанда былтыр 209,6 мың тонна күріш өндірілді. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 0,9%-ға артық, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қазақстандық кәсіпорындар 38,6 млн долларға 123,2 мың тонна күріш экспорттаған. Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді. Қазақстандық күріштің негізгі импорттаушылары – Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан. ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдеріне Қазақстан 3,3 […]