Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша ұдайы түрде іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыс атқарады. Мәселен, Абай ауданының Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаны қабылдады. […]