Алқалы жиында Мәулен Әшімбаев ҚР Президентінің құттықтау хатын оқып берді. Мемлекет басшысының хатында: «Бүгінгі таңда біздің елдеріміз үшін экономикалық кооперацияны дәйекті тереңдету үлкен маңызға ие. Өңірлік және шекара маңындағы сауданы ұлғайту, транзиттік-көлік саласындағы әріптестікті дамыту, жаңа бірлескен жобаларды іске қосу міндеттері баса назар аударуды талап етеді. Ортақ рухани мұраны сақтау және Орталық Азияның біртұтас мәдени-тарихи […]