Дертіне шипаны дәстүрлі медицинадан іздейтін қазақстандықтардың саны артқан. Себебі, кей жандарда дәрі-дәрмекке, ультрадыбыстық сәулеге деген қорқыныш бар. Сондықтан олар үшін дәстүрлі медицина емдеудің қауіпсіз түрі саналады. Дәстүрлі және халық медицинасы орталықтары да жылдан жылға көбейіп жатыр. Оның ішінде дәстүрлі қытай медицинасы елімізде ерекше танымалдыққа ие. Қаламыздағы «Мерей» Қытай медицина орталығында болып қайттық. 75 жастағы Бибиниса […]