Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген делегацияны қабылдап, бірлескен жобаларды талқылады. Бұл басқосу Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығы қарсаңында өтті. Өңір басшысы қытайлық компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Бүгінде Түркістан облысындағы шетелдік инвесторлардың бірі Қытай Халық Республикасының өкілі. […]