Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы қайта ашылды. Екі елдің сауда-саттығын еселеп, тауар айналымын арттырып келген кешен пандемия кезінде үш жыл жұмыс істемеді. Үш жыл бойы жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер табысынан қағылып, біраз қиналды. Алайда шекара жабық болса да орталық терминалдарын жаңартып, адам және жүк өткізу пункттерін талаптарға сай етті. Автобус […]