Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді. Қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген отағасы оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған. Олардың отау құрғандарына бір жыл ғана болған екен. Қылмыскер бұған дейін сотты болмаған. Осыны ескерген сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Жандос Досанов, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы: «Жұбайын өлтіру бойынша 1 факт орын […]