Бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде қызылша белең ала бастады. Инфекциялық ауруды жұқтырғандар қазір Шымкент қаласының білім беру ұйымдары мен балабақшаларында да көбеюде. Жұқпалы дерттің таралуын алдын алу мақсатында бүгін қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың төрағалығымен штаб отырысы өтті. «2023 жылдың наурыз айынан бері қала бойынша 4795 қызылшаға күдікті дерек тіркелген. Оның ішінде 2026 жағдайда […]