Террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40 -шы кеңесінде мәлімдеді. Маманның сөзінше, Қазақстанда күшейген лаңкестік қауіп тұрақты күйінде қалып отыр. Мамандар жыл сайын кемінде екі лаңкестік әрекеттің алдын алады. Руслан Сейсембаев, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары: […]