Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтар қай елдерде қанша ақша сақтайтынын хабарлады. Комитеттің ақпаратына сүйенсек, жалпыға бірдей декларация тапсыратын 300-ден астам қазақстандықтың шетелдік банктерде депозиті бар. «2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша табыс пен мүлік туралы декларацияларда 354 жеке тұлғаның шетелдік банктерде банк шоттары бар екені көрсетілген. Соның ішінде 138 жеке тұлға – лауазымды тұлғалар. Қаражаттың жалпы […]