Төлеби ауданы Леңгір қаласында қос қабатты сегіз үйдің тұрғындары әр күнін үреймен өткізуде. Себебі 1930-шы жылдары салынған баспаналардың әбден тозығы жеткен. Жаңбыр жауса пәтердің іші суға толып, жел соқса электр сымы үзілетін үйлер екі жыл бұрын бұзылуы керек болған көрінеді. Алайда, жергілікті билік қаржы жетпейтінін айтып, жаңа баспана салуға асығар емес. Леңгір қаласының орталығында орналасқан […]