Шымкентте Lexus 470 маркалы көлігін тізгіндеген жүргізуші қомақты берешегін төлеуден жалтарып жүрген. Полиция хабарлауынша, оның 28 млн теңге өтелмеген қарызы бар. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы барысында тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде Lexus 470 автокөлігін тоқтатқан. «Қорғау» қосымшасы жүргізушінің 28 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені туралы хабарлаған. Полицейлер тиісті шара қолдану үшін сот орындаушыларын шақырыпты. […]