Өткен аптада ел аумағында 2514 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті. «Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір аптада 2514 қылмыс жасалды, оның 1570-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты – 5, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты 2 қылмысты ашты. Сонымен қатар […]