Ішкі істер министрлігі интернет алаяқтыққа қатысты қылмыстарды ашу көрсеткішін жариялады. Криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, жыл басынан бері 18,5 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Соның 16-18 проценті ғана ашылды. «18 мың қылмыс тіркелді деп отырмыз ғой. Соның ішінде 3 мыңдай қылмыс ашылды», – деді Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. […]