Әлеуметтік желілерде «Жүгір немесе өлесің» сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таратылуда. Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ. Жалпы ағымдағы жылдың 9 айында елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 200-ден астам бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алды. Бұл балалар жолаушы немесе жаяу жүргінші болған. […]