Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен 116 қылмыс, оның 23-і мәдениет саласында тіркелген. Мұндай статистиканы Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев мәдениет ұйымдарының басшыларымен кездесуде хабарлады. Қала әкімнің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың төрағалығымен өткен іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, театрлар, кітапханалар, мәдениет үйі, сондай-ақ басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылығы қатысты. Кездесуде сыбайлас […]