Түркістан музыкалық драма театрында «Мағжан» спектаклінің премьерасы көрерменге жол тартпақ. Туынды 12-13 қарашада жас драматург Алмас Нүсіптің пьесасына қойылады. Қойылымда алаш қозғалысының қайраткері, ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығынан бөлек, ашаршылық кезіндегі депрессиясы мен ішкі өзгерісі бейнеленеді. Алаш ардақтысының рөлін сомдауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Еркебұлан Дайыров таңдалған. ЕРКЕБҰЛАН ДАЙЫРОВ – АКТЕР - Қазір дамыған заманда кез келген жерден, интернеттен мағжан туралы көптеген мәлімет алуға болады. Дегенмен қазір бізде елдос тоқтарбай деген алаштанушы бауырымыз бар. менің осы рольді сомдауыма сол жігіттің шығармалары мен туындылары көп көмектесіп жатыр.