Халықаралық отбасы күніне орай Шымкент қаласында марафон өтті. Жас отбасылар арасындағы «Махаббат марафоны» биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар 2 шақырымға жүгірген сайыста эстафета түрінде бақ сынады. Азизхан мен Нигара Камилжановтар отбасымен бірге түрлі жүгіру марафондарына қатысуды әдетке айналдырған. 15 жыл жеңіл атлетикамен айналысып жүрген отағасы 4 жыл отасқан жарын әуесқой жүгіруге үйретіп жүргенін айтады. […]