Сот үкімімен тағайындалған жазаны орындамағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Арыс аудандық сотының 2023 жылғы 19 маусымдағы үкімімен Б. Қылмыстық кодекстің 300-бабының бірінші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жылына 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылған. Сот үкімі заңды күшіне еніп, орындауға жолданған. […]