Шымкенттік медициналық өнім шығаратын зауыт жұмысы кері кетіп барады. Оған себеп отандық өнімді нарыққа шығаратын бұйрықтың болмауы. Бұл мәселені кәсіпкер, Шымкентке іс-сапарлап келген ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Руслан Берденовпен кездесу барысында көтерді. Шымкенттегі медициналық құрал-жабдық шығаратын кәсіпорын ісі тұралап тұр. Себебі олар 4 жылдан бері өнімдерін нарыққа шығаруға рұқсат беретін 3 бұйрыққа қол жеткізе алмай […]