Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысы Шахтинск қаласында орын алған шахтадағы апат құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды ЕРЛАН ҚОШАНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы шахтада болған апаттың салдарынан бес адамның қаза тапқаны бәрімізге белгілі. Барлық депутаттық корпус атынан қайтыс болған кеншілердің отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Осыған байланысты қазаға ұшыраған азаматтарымызды бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынамын». Еске салсақ, 3 қараша күні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапқан. Тағы төрт жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға түсті. Газ шыққан кезде шахтада барлығы 106 адам жұмыс жасап жатқан.