Сегізінші шақырылымдағы мәжілістің спикері болып Ерлан Қошанов сайланды. Мәжілістің пленарлы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант бергеннен кейін, халық қалаулылары төменгі палатаның спикерін сайлады. Мәжіліс төрағалығына бір ғана кандидатура – Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Ерлан Қошанов ұсынылды.Қошановтың кандидатурасын Amanat партиясынан сайланған мәжілісмен Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды. Депутаттар Қошановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Айта кетері, Ерлан Қошанов жетінші шақырылымдағы мәжілісті […]