Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жұмыс сапарында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. «Жетісай ауданының басым бағыттары — мақта шаруашылығы және сауда-саттық. Өткен жылы геосаяси жағдай және биржадағы бағаға байланысты диқандар да, мақта зауыттары да қиналды. Әкімдік тарапынан шетел инвесторларымен кездесулер өтті. Зерттей келе мақтаның сапасын арттыру керек екенін білдік. Сапасы жоғары мақта ғана жоғары бағада саудаланады. Осы […]