Биыл Мақтаарал ауданында жалпы құны 3,6 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылмақ. Олар мақта талшығы мен бетон өнімдерін өндіру зауыты және құс фабрикасы. Аталған кәсіпорындарда 267 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл туралы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді. Сондай-ақ биыл кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба аясында аудандағы 40 отбасыға тиесілі жерлерге жылыжай ұйымдастыру жоспарлануда. […]