Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, Сырдария өзеніне батып кете жаздады. Қойшыны байқап қалған полицейлер дереу көмекке келген. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары жас жігітті ажалдан арашалап қалды. Республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тас жолының 155-130 шақырымында кезекшілікке түскен тәртіп сақшылары күндізгі уақытта жол бойында адамдардың көмек сұрап тұрғанын байқайды. Полицейлер мән-жайды анықтағанда Сырдария өзенінде ағып […]