Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, біреуі сатып алушы болып табылатын 3 күдіктіні ұстады. Олардың барлығы Сарыағаш ауданының тұрғындары, мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар Сарыағаш ауданының тұрғындары. Жалпы келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асты. […]