Түркістан облысында полиция қызметкерлері Шардара ауданында мал ұрлығын кәсіп еткен адамдар тобын құрықтады. Тексеру кезінде күдіктілердің екі мал ұрлығына және аккумулятор ұрлығының екі дерегіне қатысы бар екені анықталды. Күдіктілер түнгі уақытта қоралары үйлерінен алыс орналасқан көршілерінің мүлкін ұрлап, оны сатып, ақшаны бөліп алған. Олар қамауға алынып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрланған затты сатып алушылардан бірнеше […]