Абайсызда алаяқтарға ақша аударып, бармақ тістеп қалған азаматтар ол қаржыны қалай қайтара алады? Бұл туралы Fingramota.kz порталының сарапшылары кеңес берді. Алдымен банкке хабарласып, арыз жазу керек. Егер операция орындалу үстінде болса, оны тоқтатуға болады. Бұған бірнеше сағаттан 60 күнге дейін уақыт кетуі мүмкін. Ал аударым жасалып қойса, құқық қорғау органдарына хабарласу керек. Жәбірленуші азаматтық кодекстің […]