Ордабасы ауданының учаскелік полиция инспекторлары сағат 23:30 шамасында «Opel Veсtra» маркалы автокөлігінің жүргізушісін жол ережесін бұзғанын байқап, оны тоқтатпақ болған. Көлік иесі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талаптарын елемей, жылдамдықты асырып олардан жасырынуға тырысты. Полиция көліктің соңынан жүріп автокөлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Анықталғандай, жүргізушісі бұған дейін ішімдік […]